Халықаралық ділмарлық және шешендік өнер сайысы
2023 жылдың «21» ақпанында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында жапонтану бөлімінің оқытушылары Сауданбекова Ш.Т., Боранкулова С.К., Нурелова А.М., Шадаева М.Т., Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен халықаралық ділмарлық және шешендік өнер сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: жергілікті студенттер мен Жапонияның Токио София университтетерінің студенттерінің орыс және жапон тілдерінде сөз сөйлеуге дағдыландыру, тіл байлығы мен сөздік қорларын дамыту, шешендік шеберліктерін арттыру, өзаре тәжерибе алмастыру болып табылады.
Бұл сайыс барысында жапондық студенттер мен жергілікті студенттер алдын ала берілген тақырыптар бойынша дайындалып келіп, жапондық студенттер орыс тілінде жергілікті студенттер жапон тілінде өздеріне берілген тақырыпта қызықты әңгіме айтып береді, әңгіме аяғында бір біріне сұрақтар қойылып, тақырып талқыға түседі.
Әр түрлі тақырып қозғалған бұл сайыстың нәтижесінде студенттер өздерінің тілдік деңгейлерін көтеріп, сөздік қорларын байықан нәтижелі сайыс болды.
Басқа жаңалықтар

