PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы Farabi University

51

PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы

20 ақпан, 2023

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Досымбекова Рауан Өрікбайқызының «Сандардың лингвомәдени аспектісі» атты монографиясы «Қазақ университеті» баспасынан шықты. Монографияда қазақ және қытай тілдеріндегі сандардың танымдық сипаты, екі тілдегі сандардың лингвомәдени интерпретациясы және таңба мен ұғым туралы құнды мәлімет беріліп, салғастырмалы түрде зерделенген. Монография жоғары оқу орындарының студенттері мен қытай тілі оқытушыларына, сондай ақ лингвистер мен мәдениеттанушыларға арналған.