Менің Оңтүстік Кореядағы оқу тәжірибесінен алған әсерім

Мен не күтерімді білмей, бірақ болашақта не күтіп тұрғанына қуанып, ұшақтағы уақытым кеше ғана болғандай әсер қалдырды. Қазір мен үйге көптеген естеліктермен, жауап беретін электрондық хаттармен және Оңтүстік Кореяның Каннам университетінде күзгі семестрде болған көптеген бөлісетін оқиғалармен оралдым.
Мен мектептегі өмірімде шет елде студент болғым келді. Жазғы бағдарламалар туралы оқыдым, мен сол кезде біраз уақыт басқа жерде тұру және басқа елден достар табу әлемдегі ең керемет нәрсе деп ойладым. Өз бетімше болып, өзімнің хикаяларым болады деп арманымды орындағым келді. Көп ұзамай, екінші курстың аяғында мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен Кангнам университетіне құжат тапсырдым. Демалыс күндері ережелер, бәрін қалай істеу керек, құжаттарды қалай дұрыс жасау керектігі туралы жиналыстар болды. Содан кейін маған электрондық хат келді. Мен шақыру алдым! Келесі бір білгенім, рейс брондалған болатын.
Қатты қуанғаным соншалықты, бұл туралы барлық достарыма айттым. Интернеттен Йонгинг туралы ақпарат іздедім. Көргеніммен Йонъинде бастан кешіргеніммен салыстырғанда басқаша болды. Алғаш келгенде жаңбыр жауып тұрды. Қазақстанда жаңбыр жауса бірден салқындап қаласыз, бірақ ол жерде шынымен жылы болды. Мен жейтін дұрыс тамақ таба алмай, 24/7 дүкеннің не екенін білдім. Сосын мейрамханадан тамақ іше бастадық. Маған кәрістердің тағамды ұсыну тәсілі ұнады. Әлі де корей тағамдары, әсіресе пибимпабты сағынамын.
Сабақтар басталды. Мен қатты қобалжыдым, өйткені менің тіл деңгейім сұрақтарға жауап беруге және корейлермен тіл табысуға жетпейді деп ойлдым. Бірақ сіз өзіңіздің жайлылық аймағыңыздан шыққан кезде барлық кедергілер жойылып, шет тілінде еркін сөйлей алады екенсіз. Сабақтар өте жеңіл әрі қызықты өтті, мен жақсы көңіл-күймен оқи алатыныма өте қуанышты болдым. Сонымен қатар, мен корейлермен ағылшын тілін үйрендім, содан кейін корейлер ағылшын тілінде сөйлей алмайтыны стереотип екенін білдім.
Университетімнің арқасында Кореяның Пуё, Конджу сияқты тарихи жерлеріне бардым. Онда мен Корея үшін көптеген маңызды жерлерді көріп қоймай, табиғаты қаншалықты әдемі екенін білдім. Сонымен қатар, мен Сары теңізде болдым. Теңізді алғаш рет көргенде Кореяға оқуға бару туралы шешімнің қаншалықты дұрыс екенін түсіндім. Керемет сезім. Мен Кореяның жартысын көріп, көп адамдармен танысып, көп нәрсені үйрендім. Маған әсіресе Сеулге барып, келіп жүрген ұнады. Достарымызбен бұрын көруді армандаған көптеген танымал жерлерді көрдік: Инсадон, Дондэмун, Мендон, драмаларда көрген әдемі кафелер.
Менің хоббиім - фото, осы жерде неше түрлі әдемі сурет түсіре алдым. Корейлердің жарнамалар мен плакаттарды қаншалықты әдемі жасайтынына таң қалдым. Әрбір ғимарат өзінше әдемі, барған жердің бәрі сиқырға толы болды.
Кету уақыты келгенде, кішкене қалғым келеді. Бірақ, мен армандаған елге студент ретінде баруға мүмкіндік берген университетіме алғыс айтамын. Осы естеліктерді сақтаймын. Сөз соңында айтарым, жастық шағыңызды оқуға, жүріп-тұруға, дамуға арнаңыздар, сол уақытта әлемді де көре алып, керемет сезімдер ала аласыздар.
Копбай Эльдана
Аударма ісі (шығыс тілдері), 3 курс студенті
Басқа жаңалықтар

