Османгази университетіндегі тағылымдамасыFarabi University

51

Османгази университетіндегі тағылымдамасы

13 ақпан, 2023

Мен, Алиасқар Жансая Нұрланбекқызы 2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы тарапынан екі жақты келісім-шарт бойынша Түркия Республикасы, Эскишехир қаласы, Османгази университетінде “Түрік тілі және әдебиеті” факультетінде білім алдым. Бұл оқу сапарымның негізгімақсатытүріктілін тереңдете оқып, өз білімімді жоғарылатумен қатар,түрікмәдениетімен жақынырақ танысу болып табылды. Түріктілін тек сабақ барысында ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланып,түріктілі деңгейімнің көтерілгенін байқадым.

Оқу барысында “Менің Отаным – Қазақстан”,“Қазақ киносы әлемдік кинонарыққа шыға алады ма?”секілді мақалаларды аударып,«Әдебиеттің адам өмірінде маңызы», “Казахская литература - поэзия кочевого народа»секілді рефераттар жаздым.Сонымен қатаруниверситет ішіндеұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, одан бөлек әр түрлі мейрамдарға ат салысу арқылытүрікмәдениетіне деген түсінігім арта түсті. Бұдан бөлек, әлемнің әртүкпірінен достар кездестіріп, өзімде бұрын соңды байқамаған жаңа қырларымды аша білдім. Ағылшын, әзірбайжан тілдерін біршама үйреніп,біраз тәжірибе жасадым.

Өзімді жеке тұлға ретінде де дамытуға мүмкіндіктер алдым.Османгангази университетінде өткізген 4 айым естен кетпес сәттерге толы болды. Осымүмкіндіктердің жүзеге асуына көмектескен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылар құрамына, оның ішінде Түрксой кафедрасының оқытушылар құрамына үлкен алғысымды білдіремін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының Шетел филологиясы бөлімінің 3 курс студенті:

Алиасқар Жансая