С. Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасында іс-шара өтті Farabi University

51

С. Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасында іс-шара өтті

13 ақпан, 2023

     Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану  кафедрасының оқытушысы Дүйсенбай Құлпынайдың жетекшілігімен, 3 курс студенттері Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасына барды. Ондағы мақсат- аталмыш кітап дүкенімен бірлесе отырып, балаларды қытай мәдениетімен таныстыру, оның ішінде «Чунь Цзе - Көктем фестивалі» атты мәдени іс-шара туралы танымын кеңейту. Студенттер алдымен Қытай жаңа жылын таныстырып, оның пайда болуы туралы аңызды баяндап берді. Шара барысында балалар Қытай елінің жаңа жылымен танысып қана қоймай, бірнеше қытай сөздері мен жаңа жылдық өрнектермен безендіруді үйренді. Бұл балалардың қызығушылығын арттырған, көңілді әрі танымдық іс-шара болды.