Жапондық студенттер Орталық мұражайда қонақта
9 ақпан күніҚазҰУ-нің Шығыстану факультетіжапонбөлімінің оқытушылары мен студенттері Жапониядан“Қысқы мектеп” курстарына келген31 жапон студенттеріменҚРОрталықмемлекеттікмұражайына экскурсияғабарып қайтты. Мұражай қызметкерлері экспонаттаржайлы орыстіліндетың ақпараттарберді. Бұл орыс тілін үйреніп жүрген жапон студенттеріүшін үлкен тәжірибе болды. Сонымен қатар,ҚазҰУ жапон бөлімінің оқытушыларыБоранкулова Самал мен Нурелова Асия және3 курс студенттері жапон тіліне аударма жасап,жапон студенттері Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жайлы үлкенмліметтералды. Мұражайлар келген жапон студенттерінің айтуынша бойынша,көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі,Ортеке мен Домбыра, көне ғимараттар мен кесенелердің макеттеріөте қызықты болған. Оған қоса,Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерліктері үлкен әсер қалдырыпты.Бұл күн жапон студенттерініңқазақмәдениетімен танысуына, қазақ-жапон байланысынаүлкенықпалын тигізді.
Басқа жаңалықтар

