Университет деңгейінде жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті

Жыл сайын Халықаралық жапон қорының қолдауымен Қазақстандағы Жапон елінің елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан бойынша жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Бұл сайыстан жеңіп шыққан студенттер Орта Азия елдері арасында өтетін сайысқа қатысады. Наурыз айында Қазақстан бойынша өтетін сайысқа қатысу үшін Қиыр Шығыс кафедрасы жапон бөлімінің 1-3 курс студенттері арасында шешендік өнер сайысы өтті. Бірінші курстан 3 студент, екінші курстан 2 студент, 3 курстан 3 студент әр түрлі қызықты тақырыптарда ортаға шығып, әдемі жапон тілінде өз әңгімелерін айтып шықты. Әр студенттің тақырыбынан кейін бөлім оқытушылары оларға сұрақтар қойып, қорғап шыққан тақырыптары бойынша өз пікірлерін айтты. Университет деңгейінде өткен шешендік өнер сайысының нәтижесінде Қазақстан бойынша өтетін шешендік өнер сайысына 4 студент таңдалды. Қазақстан бойынша жапон тілін оқитын студенттер арасында өтетін шешендік өнер сайысына жолдама алған студенттерімізге сәттілік тілейміз.
Басқа жаңалықтар

