«Жазу практикасы» пәні бойынша ашық сабақ өттіFarabi University

51

«Жазу практикасы» пәні бойынша ашық сабақ өтті

9 ақпан, 2023

Қытайтану кафедрасының оқытушысы Дүйсенбай Құлпынай 2023 жылдың 30 қаңтар күні  «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттеріне  «Жазу практикасы» пәні бойынша «Қытайға алғаш барғанда» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мақсаты - студенттерге қытай тілінің жазу практикасында қолданылатын тілдік құрылымдар мен олардың  морфологиялық құрылымын талдауды, мәтінді дұрыс жазуды үйрету. Сабақта студенттер өз ойын жазба түрде жеткізуге бағытталған жаттығулар орындап, мәтіндермен жұмыс істеді.