Жапондықтар қазақтың ұлттық өнерімен танысты
2023 жылдың ақпан айының жетінші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде жапон бөлімінің оқытушыларының ұйымдастыруымен Жапония елінің София университеті мен Токио шет тілдері университетінен Шығыстану факультетіне келген студенттерге Қазақ халқының үлттық өнерін шет елдіктерге таныстыру мақсатында арнайы концерттік бағдарлама қойылды. Біздің студенттер түрлі өнерлерін жапондық студенттердің назарына ұсынды. Шығыстану мамандығының 1-ші курс студенті Мундабекова Аяла қазақ биін көрсетіп қана қоймай , жапондық студенттерге қазақтың «Қара жорға» биін билеуді үйретті. Шығыстану мамандығының 1-ші курс студенті Сагимбеков Абен «Ата толғауы» мен Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін тарту етті. Ал, Шығыстану мамандығының 2-ші курс студенттері Абайдың «Көзімнің қарасын» жапон және қазақ тілдерінде шырқады. Шығыстану факультетінде өткізген бір ай уақыт аралығында Жапондық студенттер «Қара жорға» биін үйреніп кетуді жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар

