Факультет оқытушылары фараби жұмыс тобының кездесуіне қатыстыFarabi University

51

Факультет оқытушылары фараби жұмыс тобының кездесуіне қатысты

3 ақпан, 2023

13-қаңтарда Иранның Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фараби жұмыс тобының жетекшісі Муджани Қуми мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Мохсен Фағани әл-Фараби кітапханасында шығыстану және философия және саясаттану факультеті оқытушыларынан және әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкерлерінен құралған Фараби жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында болашақта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Кездесудің алдында әл-Фараби музейіне, әл-Фараби орталығына және академик Ә.Б. Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына, сондай-ақ, «әл-Фараби мұрасы» атты кітап көрмесіне экскурсия жасалды.