«Қытай тілінің нормативтік грамматикасы» тақырыбында ғылыми семинар өттіFarabi University

51

«Қытай тілінің нормативтік грамматикасы» тақырыбында ғылыми семинар өтті

1 ақпан, 2023

     2023 жылдың 31 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Әдістемелік семинар» жоспарына сәйкес, кафедраның қауымдастырылған профессоры Оразақынқызы Фарида «Қытай тілінің нормативтік грамматикасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедраның оқытушы- профессорлар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Семинар барысында қазіргі қытай тілінің грамматикалық мәселелері талқыланып, осы тақырып бойынша жарық көрген оқу құралының маңызы жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ, баяндамашы тақырыпқа қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Семинар тақырыбына қатысты қатысушылар қызығушылық білдіріп, семинар соңы пікірталасқа ұласты.