КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫFarabi University

51

КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

13 қаңтар, 2023

Шығыстану факультеті 2023 жылдың 13-қаңтар күні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мен гимназиялары түлектерімен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізуге арналған онлайн-конференция өткізді. Конференцияның алдына Шығыстану факультеті туралы толық ақпарат беру, «Шығыстану», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Аймақтану» Білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беру, шығыстану факультетінде оқуын бітірген соң білім алушының Қазақстан Республикасында және шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетел университеттерінде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру сияқты мақсат-міндеттер қойылды. Конференция барысында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан жоғарыда айтып кеткен міндеттерден бөлек, бүгінгі күнгі әлемдегі геосаяси жағыдай туралы, осындай жағдайда еліміз үшін шығыстанушы мамандардың, оның ішінде, әсіресе, қытайтанушы мамандарды дайындаудың маңыздылығы туралы арнайы дайындалған көрнекі құралдармен кеңінен айтып өтті. Оқушылардың қызығушылығы зор болды. Оны соңынан қойылған түрлі сұрақтардан да білуге болады. Жалпы конференция өте жемісті өтті деуге негіз бар.