Жұмыс берушілермен кездесуFarabi University

51

Жұмыс берушілермен кездесу

13 қаңтар, 2023

     12 қаңтарда Шығыстану факультетінде жұмыс берушілерімен кездесу өтті. Факультет деканы Ем Н.Б., деканның оқу-әдістемелік бөлімі жөніндегі орынбасары У.А.Әмірбекова және деканның ғылым жөніндегі орынбасары Джакубаева С.Т сөз сөйлегеннен кейін түлектердің кәсіби құзыреттіліктері туралы қызу әңгіме өрбіді. Әңгімелесу барысында жұмыс берушілер әрқайсысы өз ұйымдарымен таныстырып, өз кәсіпорындарының қызметі туралы айтты. Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығы Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі жұмыс берушілерінің бірі болып табылады. Осы орталықтың бас маманы Әмірбек Назерке орталықтың қызметі туралы айтып, тыңдаушыларды Кореяның жоғары оқу орындарына түсуге арналған корей мемлекеттік білім беру бағдарламаларымен, корей тілінің деңгейін анықтау үшін халықаралық емтихан өткізу туралы және корей тілі курстары туралы таныстырды. Соңында Әмірбек Назерке студенттерімізге корей тілін үйренуде сәттілік тілеп, студенттерімізді өндірістік тәжірибеден өтуге шақыратындарын айтты.