
13.01.2023 күні сағат 11.00-12.00. аралығында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мен гимназиялары түлектерімен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізуге арналған онлайн-конференция өтті.
Онлайн конференцияның мақсаты: Отандық жалпы білім беретін орта мектептер мен гимназия түлектеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті туралы, факультетте оқытылатын Білім беру бағдарламалары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру.
Қиыр Шығыс кафедрасының шақыруымен Қазақстанның жан жағынан 7 мектептен 50 ге жуық оқушы қатысты. Қиыр Шығыс кафедрасы бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты Г.Қ.Шатекованың кафедра жөнінде өз презентацияларын көрермен назарына ұсынып, баяндама жасады. Шығыстану факультетінде оқуын бітірген соң білім алушының Қазақстан Республикасында және шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Корей, Жапон университеттерінде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Кездесу өте қызықты және нәтижелі өтті.
Басқа жаңалықтар

