ылыми семинар өттіFarabi University

51

ылыми семинар өтті

29 желтоқсан, 2022

27 желтоқсан күні қытайтану кафедрасының «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» мамандығының 2  курс докторанты Қойбақова Айжан «Қытай онимдерін қазақ-латын графикасында трансформациялау мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға қытайтану кафедрасының оқытушылары, докторанттары қатысты. Семинар барысында қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшіруге себеп болған факторлар атап көрсетілді, сондай- ақ қытай онимдерін қазақ-латын графикасында транслитерациялаудың фонетикалық, емлелік, әдістемелік және статистикалық негіздемесін жасау мәселелері айтылды.