ҚазҰУ мен Н.П. Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің ынтымақтастығыFarabi University

51

ҚазҰУ мен Н.П. Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің ынтымақтастығы

30 желтоқсан, 2022

28 желтоқсан күні қытайтану кафедрасының доценті Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Н.П. Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің халықаралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша ғылыми семинар өткізді. Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетіне сапары туралы айта келе, доцент университеттер арасындағы ынтымақтастықтың артықшылықтарына, зерттеу университетінің жоғары деңгейіне тоқталды. Екі университеттің ынтымақтастығының арқасында шығыстану факультетінің оқытушылары Scopus деректер базасына енгізілген ресейлік журналдарда жыл сайын мақала жариялайды. Семинарға қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Олар университеттер арасындағы ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары туралы қызу талқылады. Н.П Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінің ағылшын филологиясы факультетінің деканы, доцент Н.В. Буренина шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. мен қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.А. Керімбаевқа алғыс хатын жіберіп, одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтетінін жеткізді.