ЭжБЖМ қысқы мектебі аясындағы шетелдік профессордың семинар-тренингі Farabi University

51

ЭжБЖМ қысқы мектебі аясындағы шетелдік профессордың семинар-тренингі

23 желтоқсан, 2022

Желтоқсанның 20-шы жұлдызындасағат 11.00-13.00.Экономика және бизнес жоғары мектебіндегібілім алушылар мен ПОҚ–ның ғылыми және жарияланымдық белсенділігін арттыру үшін қысқы мектеп шеңберінде Менеджмент кафедрасының шақырылған профессорыPhD Айжаз Шейх (Jyvaskyla университеті, Ювяскюля қ., Финляндия)«How to promote the scientific research publication culture in Kazakhstan?»тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.Семинарда сапалы ғылыми жарияланымды дайындау кезеңдері қарастырылып, ғылыми жарияланымдар этикасы, авторларға арналған халықаралық бастамалар мен стандарттар талқыланды.

Айжаз Шейх кафедра докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады.Шетелдік профессорды тарту бағдарламасы шеңберінде кафедраның жас ғалымдарымен бірлесе отырып,Айжаз Шейхпенрецензияланатын халықаралық журналдарда (Scopus, Thomson Reuters) жариялау үшін гранттық бағдарламаларға, халықаралық жобаларға қатысу үшін proposal дайындауменғылыми мақалаларжазубойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ шетелдік ғалымАйжаз Шейхғылыми жарияланымдар мен оқу-әдістемелік материалдардың мазмұнын жетілдірумақсатында оларға рецензиялауда. Scopus ДБ бойынша ғалым Хирш индексі-16-ға тең.