«Логистика» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиада Farabi University

51

«Логистика» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиада

9 желтоқсан, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Экономика және бизнесЖоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы 2022жылдың 17 желтоқсан аралығында «Логистика» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбындаVIхалықаралық студенттік сырттай олимпиадасын өткізді.

«Логистика» мамандығы бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізілді.VIХалықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырып, ұйымдастырушыларғажіберді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер01.12.2022жылға дейін ұйымдастырушыларғаolimpiada_kaznu2022@mail.ru электронды поштасына жіберілді.

«Логистика» мамандығы бойыншаVIхалықаралық студенттік сырттайолимпиадасына қатысу үшін5 жоғары оқу орнынан 9 өтінімберілді.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктелді.

VIХалықаралық студенттік сырттай олимпиадасының ұйымдастырушылары келесі жеңімпаздарды құттықтайды!

I дәрежелі дипломмен - 1 команда:

1. «Логистика к2» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

II дәрежелі дипломмен - 2 команда

1. LOGIC SILKWAY команда, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті ()

2. «F-four» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

III дәрежелі дипломмен - 3 команда:

1. «SMART LOGISTIC» командасы, «ТУРАН» университеті

2. «Инноваторы» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3. «Логисты Авиации» командасы, Азаматтық авиация академиясы