Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қыс 2012» атты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті Farabi University

51

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қыс 2012» атты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті

16 қаңтар, 2012

12 қаңтарда қазақ ұлтының бір туар нар тұлғасы Дінмұхамед Ах­ме­тұлы Қо­наев­тың туғанына 100 жыл то­луы­на арналған «Қыс 2012» ат­ты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті.

Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология жне биотехнология факультеті биоалуантүрлік жне биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, РhD М.А. Суворова жне аталмыш факультеттің доценттері Н.З. Ахтаева, А.Б. Ахметова, Г.К. Ерубаева, З.А. Инелова сондай-ақ, оқытушы А.Т. Мамурованың кураторлық топтары жне Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р. Сембаева жне тағы басқа қызметкерлер қатысты.

Мерекелік іс-шара Алматы қаласы Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалында болды. Жарысқа жи­­нал­ған­дар Димаш Ахме­тұ­лы­ның туғанына 100 жыл то­луы­на байланысты қысқы спорт ойындарынан жарысқа қатысып, ұлттық ойындардар түрінен жне басқа да әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды. Соңында арнайы жүлделі орындар белгіленіп, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Атап айтатын болсақ, аппақ қарда арнайы қаппен жүгіруден доценттер Н.З. Ахтаева жне А.Б. Ахметова бас жүлдені иеленсе, арнайы шанамен сырғанау жарысында доцент Г.К. Ерубаева, оқытушы А.Т. Мамурова 1-ші орынды жеңіп алды. Қашықтыққа жүгіруден доцент З.А.Инелова жне эколог-ағартушысы Р. Сембаева 1- ші орынды иеленді. Осы ұйымдастырылымда өтке ат жарысынан РhD М.А. Суворова 1-ші орынды иеленді. Аппақ қарға оранған әдемі табиғат аясында студенттер арасында «қыз қуу» жарысы да ұйымдастырылды. 2-курс студенттері Мақсат Садықов пен Мерей Оразбекова жне магистрант Мадина Алияскарова осы жарыста өз өнерлерін ортаға салды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі