Farabi University

51

10 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес факультеті«Экономика» кафедрасы2022 жылдың 10 қарашакүні«Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары»тақырыбындаЛ.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімагистранттарының қатысуымен республикалықдөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелгеқатысқанЛ.М.Гумилев атындағы ЕҰУ«Экономика» мамандығының 2 курсмагистранттары:ЕлеусизА.К., Бауыржан Ж., Елеусинова А.Б., Дидарқызы Қ.,Исаев А., Оспан К.,Журавлев А.Ф., Королев П.О. қатысты.Дөңгелек үстел барысында «Әділетті Қазақстан», «Әділетті Қоғам», «Әділетті экономика» мәселелері бойынша қатысушыларөзкөзқарастарымен бөлісті.

Қазіргі кезде азаматтардың табысы экономикалық әлеуетімізбенсалыстырғанда әлдеқайдатөмен. Бұл ахуал, негізінен, Қазақстанда шикізатты ауқымды өңдеу ісінің жолға қойылмауына байланысты қалыптасты. Сондықтан дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз етеміз.Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады.Экономиканың барлық саласындатұрақты жұмыс орындарыашылады.Барлық өңірдікешенді дамытуға ерекше назар аударылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар:«Экономика» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г.Р.,кафедраныңаға оқытушыларыИляшова Г.К.,Кулиев И.У.,Тураров Д.Р.