Қиыр Шығыс кафедрасының Жапон бөлімі студенттерінің дипломдық жұмыстары қорғалдыFarabi University

51

Қиыр Шығыс кафедрасының Жапон бөлімі студенттерінің дипломдық жұмыстары қорғалды

29 қараша, 2022

2022 жылғы 25 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Жапониядан шетелдік тағылымдамадан оралған студенттердің дипломдық жұмыстары сәтті қорғалды. 

Қиыр Шығыс кафедрасы жыл сайын Жапонияның жоғары оқу орындары мен ҚазҰУ арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді шетелдік тағылымдамаға жібереді. Биылғы оқу жылында Қиыр Шығыс кафедрасының Жапон бөлімінің 4 курс студенттері Жапонияның түрлі жоғары оқу орындарында білім алды. Олардың ішінде: Осака университеті, Васеда университеті, Хоккайдо университеті және Токио шет тілдері университеті. Зерттелетін елде болу студенттерге дипломдық жұмыстарды жазуға жан-жақты және шығармашылықпен қарауға көмектесті, сонымен қатар студенттер жапон және ағылшын тілдеріндегі дереккөздерді пайдалануға мүмкіндік алды. Бітіру жұмыстарының тақырыбы тарихтың, сыртқы саясаттың, Жапонияның экономикалық дамуының, филологияның және аударма қызметінің өзекті мәселелерін қамтыды, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін практикалық ұсыныстарды қамтыды. Дипломдық жұмыстардың мазмұны өте қызықты болды. Студенттер аттестаттау комиссиясының алдында жапон тілін меңгеру мен дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.