Шығыстану факультетінде «Халықаралық әл-Фараби күні» атты дөңгелек үстел өтті

Шығыстану Факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 2022-жылдың 21 қарашасында «әл-Фараби» күніне арналған «Халықаралық әл-Фараби күні» атты дөңгелек үстел өтті.
Иран Ислам Республикасының Саңлақтар мұрасы қоғамының ұсынысымен 2021-жылдың 21 қарашасы «әл-Фараби» күні ретінде Иран күнтізбесіне енгізілді. Осыған орай биылғы жылы әл-Фараби күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Шығыстану факультеті, Философия және саясаттану факультеті, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Мәдени өкілдігі мен Фараби орталығының зерттеушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шара барысында әл-Фараби мұрасын тұпнұсқадан қазақ тіліне аудару барысында ескеру керек мәселелер мен әл-Фарабидың әлі зерттелмеген мұралары туралы баяндамалар жасалып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Қатысушылар бір ауыздан әл-Фараби мұраларының том-том болып кітап сөрелерінде емес, қоғамдағы әрбір адамның өміріне жақын болуы керектін айтты және зерттеушілердің бірінші кезекте осы бағытта жұмыс істеуі өажет деп қорытындылады.
«Халықаралық әл-Фараби күні» дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар

