- Басты бет
- Жаңалықтар
- Конфуций институтының директорлары шығыстану факультетіне арнайы сапармен келді
Конфуций институтының директорлары шығыстану факультетіне арнайы сапармен келді
23 қараша, 2022

2022 жылдың 22-қарашасы күні Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының директорлары Яң Лэй мырза мен Қошанова Сәуле Ерденқызы ханым Шығыстану факультетіне арнайы сапармен келіп кетті.
Қонақтарды факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Салтанат Төлеуқызы мен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Әбдірайымұлы қарсы алды. Астаналық қонақтар факультеттің тарихымен және бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Болашақта тәжрибе алмасу үшін түрлі деңгейдегі іс-шараларды бірлесіп өткізу туралы ақылдасты. Екі жақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерудің жолдарын қарастырды.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025