«Ханинсинмун» газетінде жаңа студенттерді қабылдау және олардың Қиыр Шығыс кафедрадағы студенттік өміріне байланысты мақала жарияландыFarabi University

51

«Ханинсинмун» газетінде жаңа студенттерді қабылдау және олардың Қиыр Шығыс кафедрадағы студенттік өміріне байланысты мақала жарияланды

22 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының арнайы шақырылған профессоры Ли Бёнг Джо "Ханинсинмун" газетінде оқуға жаңа түскен студенттерге және олардың кафедрадағы студенттік өміріне қатысты мақала жариялады.

Бұл газет мақаласында, "Соңғы 4 жыл ішінде Қиыр Шығыс кафедрасы жыл сайын орта есеппен 40-тан астам жаңа студенттерді қабылдайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен 20-30% - ға өскен. Бұл жағдай кафедра болашағына үлкен үміт береді. Кафедраның мәртебесінің жоғарылығы соншалық, тек үздік бағалары бар студенттер ғана оқуға түсе алады. Биылғы жылы да кафедраға Қазақстанның ең үздік студенттері түсті. Егер біз барлығымыз үлкен жауапкершілікпен болашақ ұрпағымызды тәрбиелейтін болсақ, келешекте олардың "жемісін" көре алатынымызға сенімдіміз".