2022 жылдың 18 қарашасында Алматыдағы Корей үйінде OK BAE&JUNG–YBLN SCHOLARSHIP халықаралық шәкіртақысын табыстау рәсімі өтті.
Сонда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қиыр Шығыс бөлімінің (корейтану бөлімі) 2-курс студенті Ким Кристина сертификатпен және 1,200 АҚШ доллары көлеміндегі шәкіртақымен марапатталды. Бұл жолы ол профессор Ли Бён Джоның ұсынуымен Қазақстандағы жалғыз жүлдегер атанды.
Бұл шәкіртақыға "OK BAE&JUNG-YBLN SCHOLARSHIP" демеушілік етеді. Бұл ұйым қатысушы-студенттерді іріктеуді алғаш рет 2018 жылы бастаған, қазіргі таңда шәкіртақыны YBLN (Жас бизнес-көшбасшылар желісі) қаржыландыру әдісі арқылы бөледі. Іріктеу үміткерлері - әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, арнайы ұсынылған шетелдік кәріс-студенттер, іріктеу барысында олардың үлгерім деңгейлері, табыс деңгейлері және ұсыныс хаттары ескеріледі. Биыл әлем бойынша барлығы 13 жүлдегер таңдалды, оның ішінде АҚШ, Ресей, Канада және Қазақстан студенттері бар, солардың барлығына жалпы көлемде $25,000 шәкіртақы үлестірілді. Кристина Ким осы шәкіртақы алушылар қатарынан табылды.
Қиыр Шығыс кафедрасының (корейтану бөлімі) 2-курс студенті корейтану саласында тағы да жоғары білім деңгейін көрсетіп, қиын бәсекеден сүрінбей өтті. Бұл жетістік кафедраның барлық студенттеріне үлгі болды.
Басқа жаңалықтар

