KBS корей радиостанциясы корейтану бөлімінің студенті Пак Лияны "Ересектер арасындағы Үздік эссе" номинациясымен марапаттадыFarabi University

51

KBS корей радиостанциясы корейтану бөлімінің студенті Пак Лияны "Ересектер арасындағы Үздік эссе" номинациясымен марапаттады

11 қараша, 2022

2022 жылдың қазан айында Кореяның жетекші қоғамдық БАҚ-ы болып табылатын KBS (Korean Broadcasting System) радиостанциясы этникалық корейлердің жыл сайынғы өмірбаяндық шығармалар байқауын өткізді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің корейтану бөлімінің үшінші курс студенті Пак Лия Корея қорының өкілетті профессоры Джанг Вонкидің жетекшілігімен "Коре сарам Пак Лия" атты жұмысы үшін ересектер арасында марапатқа ие болды.

Конкурста барлығы 22 марапат болды, оның ішінде бір ересектер сыйлығы, үш жастар сыйлығы, алты ынталандыру сыйлығы және екі оқытушылар сыйлығы. 1998 жылдан бастап KBS Кореяның ұлттық радиостанциясы жыл сайын Қытайда, Орталық Азияда және Сахалинде тұратын этникалық корейлер үшін конкурс өткізеді. Бұл іс-шараның мақсаты - Корей тілі мен жазудың тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісу. Биылғы жылы шығармалар мен бейнероликтер корей халқының бірегейлігін қалыптастыру, корей тілін сақтау, күнделікті өмірде дәстүрлі мәдениетті мұра ету, этникалық корейлердің корей тілінің дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ Кореяға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру және тарихи Отанымен байланысты нығайту тақырыптарында болды.