Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары корей тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында онлайн корей тілі курсын сәтті аяқтадыFarabi University

51

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары корей тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында онлайн корей тілі курсын сәтті аяқтады

10 қараша, 2022

2022 жылдың маусым айымен қыркүйек айына дейін Қиыр Шығыс кафедрасының корей тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру үшін онлайн корей тілі курсы өткізілді.

Бұл курсты Корея Қорының қаржылық қолдауымен Корея Республикасының Сукмён қыздар университетінің жетекші оқытушылары жүргізді. Соңғы 4 айда 13 оқытушы Ли Бён Джо профессордің  жетекшілігімен онлайн курстардан өтіп, Оңтүстік Кореядан сертификаттарын алды. Бұл курс арқылы мұғалімдер корей тілі мен әдебиетін оқытудың соңғы әдістерімен танысып, аудиториялар мен семинарларда қолдану үшін көптеген пайдалы оқу материалдарын ала алды.