Қазақ Ұлттық кітапханасында халықаралық симпозиум өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо 3 қазан 2022 жылы Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық кітапханасында өткен халықаралық симпозиумға қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым қатынастың 30 жылдық мерейтойына орай Хонам университетінің ұйымдастыруымен өтті. Бұл халықаралық симпозиумның негізгі мақсаты ғылым, сонымен қатар әлеуметтану, экономика, білім, мәдениет және өнер салаларындағы қатынастардың деңгейін нығайту болды. Жалпы алғанда 3 бөлімнен тұратын бұл іс шараның 2-бөлімін Ли Бён Джо басқарды. Іс-шара «Корея республикасы және Қазақстан республикасындағы кәрістер (Қазақстанның кәрістері, Қазақстандағы оңтүстік корейліктер, Оңтүстік Кореялық кәрістер): Ұқсастығы, бірге өмір сүруі және ынтымақтастығы» тақырыбы аясында өтті. Профессор Ли Бён Джо іс-шараның 2-бөлімін шеберлікпен басқарып, халықаралық симпозиумның сәтті аяқталуына орасан зор үлесін қосты.
Басқа жаңалықтар

