- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қайраткер тұлғалар мен журналистер ҚазҰУ-дың жаңарған Баспасөз қызметінде болды
Қайраткер тұлғалар мен журналистер ҚазҰУ-дың жаңарған Баспасөз қызметінде болды

Мемлекет және қоғам қайраткерлері – ақын, драматургНұрлан Оразалин, жазушы, баспагерӘшірбек Көпішев,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан,«Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері»ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеевжәне басқадаелімізге белгіліжурналистерӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңАқпарат және коммуникациялар департаментінің жұмысымен танысты.
Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулетқонақтарға«Farabi University» сайты, «Farabi Media» телестудиясы,«Qazaq universiteti» газеті және департамент құрылымына кіретінАқпарат және мониторинг секторының жұмысы жайлы айтып берді.
Ректордың тапсырмасы бойынша университеттің Баспасөз қызметіқайта құрылып,жаңа үлгіде жасақталғаныатап өтілді. Бүгінгі таңда Ақпарат жәнекоммуникациялардепартаменті ректорат ғимаратының үшінші қабатында орналасқан. Осы жаңалықтардың барлығы департаменттің жұмыссапасын арттыруғамүмкіндік берді.
Университет түлегі, ақын Нұрлан Оразалин білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен іске асырылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, алдағы уақытта ректордың арнайы шақыртуымен көшбасшылық дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісетінін атап өтті.
Кездесу соңында қонақтар ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің ұжымына шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


