Қытайтану кафедрасының профессоры сұқбат бердіFarabi University

51

Қытайтану кафедрасының профессоры сұқбат берді

4 қараша, 2022

Қытайтану кафедрасының профессоры, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұқаметханұлы Youtube желісіндегі Халықаралық қатынастар факультетінің IRD news каналына сұқбат берді.

Сұқбат «Жаңа дәуірдегі қытай ерекшелігі бар социализм» идеологиясы қандай маңызға ие? деген тақырыптың аясында өрбіді. Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, PhD докторы Жекенов Думан Құрманғазыұлы өзі бастап, әңгімені жүйелі түрде жетектеп отырды. Бұл сұқбатқа кеше ғана аяқталған ҚКП-ның ХХ-съезінде болған әңгімелер мен талқылаулар, оқиғалар мен шешімдер арқау болды. Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы қазіргі Қытайда қалыптасқан жағдай мен ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросына мүше болған тұлғалар туралы толық ақпарат берді. Си Цзин пин дәуірі басталуының Қытай үшін саяси-әлеуметтік, экономикалық салдарлары қандай болатынына және Орта Азия мемлекеттеріне, Қазақстанға қатысты болатын ықпалына болжам жасады.