«Қытай тіліндегі интернет-лексиканың әлеуметтік маңызы» тақырыбында ғылыми семинар өттіFarabi University

51

«Қытай тіліндегі интернет-лексиканың әлеуметтік маңызы» тақырыбында ғылыми семинар өтті

4 қараша, 2022

2022 жылдың 2 қараша күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы, «шетел филологиясы» мамандығының 1 курс докторанты Мұқатай Клара «Қытай тіліндегі интернет лексиканың әлеуметтік маңызы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинарға кафедра басшылығы, докторанттар, магистранттар және оқытушылар қатысты. Семинарда Клара интернеттің қарқынды дамуымен интернет лексикасының тіл мамандарының назарын көбірек аударып, оның бірте-бірте зерттеу нысанына айналып келе жатқанын баяндады, сонымен қатар интернет-лексиканы әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеудің маңыздылығын түсіндірді. Дәріс соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.