ҚазҰУ Индонезия университетімен ынтымақтастықты кеңейтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінеСұлтан СиарифКасиматындағы мемлекеттік ислам университетінің ректорыіссапармен келді. Сапар аясындаҚазҰУ ректоры ЖОО басшысымен кездесіп, әріптестікбағыттарменынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
РекторЖансейіт ТүймебаевИндонезияның жетекші университетібасшысының ҚазҰУ-ға жасағанарнайы іссапарына алғысын білдіріп,ҚазҰУ-дың шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім берукеңістігіндебай тәжірибесі барын атап өтті.
«ҚазҰУ әлемнің жетекші жоғары оқу орындары,институттарымен ынтымақтастық туралы 500-ден астам халықаралық келісімге қол қойған.ЖОО-менбірлескен білім беру бағдарламалары жәнеғылыми-инновациялық жобаларіске асырылуда,оның ішіндеиндонезиялықжоғары оқу орны да бар.
Студент алмасу келісімі аясында ҚазҰУ-да халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша Индонезияныңбесстуденті білім алуда.Тағылымдамадан өту,студент алмасу,ғылыми орта қалыптастыру және«Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы аясында жетекші ғалымдардың дәріс оқуы белсенді түрде жүзеге асырылуда. ҚазҰУ білім мен ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі барлық бастамаларды қолдауға дайын»,–дедіЖансейіт Түймебаев.
КездесудеСұлтан СиарифКасиматындағымемлекеттік ислам университетінің ректоры өзіжетекшілік ететін ЖОО қызметіне тоқталып,университетаралықбайланысты нығайтуға қызығушылықтанытып,ҚазҰУ ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауынаалғысынбілдірді.
«Біздің ҚазҰУ қызметіне деген қызығушылығымыз кездейсоқ емес. Әл-Фараби есімі біз үшін де аса маңызға ие. Бұл ислам құқығының бастауында тұрған ұлы философ,данышпан.Әл-Фарабидің Индонезияда даоқырмандарыкөпжәне ғұлама есіміәрқашанардақты»,–деп атап өтті құрметті қонақ.
2005 жылы құрылған Пеканбару мемлекеттікислам институты(алғашқы атауы)Риаудың ұлттық балуаны болған Сұлтан Сиариф Касимнің құрметінеаталған.Онда 32 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 168 шетелдік студенттер – Малайзия, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Қазақстан және т.б. елдерден келгенжастарбілім алады.
Кездесу барысында тараптарынтымақтастық бағыттарынталқылады. Атап айтсақ:университет қызметкерлері және оқытушыларымен тәжірибе алмасу, оқытушы-профессорлық құрам үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оны іске асыру, оның ішінде қос диплом, оқу жоспарлары, академиялық кездесулер мен симпозиумдар ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеу, оқытушы-профессорларқұрамымүшелерініңсеріктес университеттіңғылымибасылымдарындамақалаларын жариялау сынды басқа да бағыттар бар.
Сапар аясындаиндонезиялықделегация «Керемет»орталығы, Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, Экономика және бизнес жоғары мектебі, 51 Business school,университетмузейіжәне Жағдаяттық басқару орталығыныңжұмысымен танысып,ҚазҰУ кампусынаралады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


