Журналистика факультетінде «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы басталады

Әл-Фараби атындағы ТРК базасында журналистика факультеті студенттеріне медиа және журналистика практик мамандары қолдауымен «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы аясында видео, аудио және графикалық контент даярлауды үйретеді.
Практикум бағдарламасында: камерамен жұмыс, дронмен жұмыс, аудио және видео монтаж, 3D визализация, VR журналистика бағыттары қамтылған.
20 қазан 2022 жылы сағат 12.00 № 208 Н. Иманғалиұлы атындағы Qazaqstan оқу-шығармашылық зертханасында Ындыбаев Ринат Алпысбайұлының "3D өнер", Алан Бондаревтың "Дрон журналистика" шеберлік сыныптары өтеді.
Ындыбаев Ринат, архитектор, дизайнер Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тау-кен факультетінің бакалавры, 2006-2010 жж. Жобалау мекемелерінде, зауыттарда жобалаушы, 2010-2018 жж., 3D жобалау маманы.
Алан Бондарев, видео продакшн маманы (түрлі бағыттағы күрделі видеотүсірімдер) 2013-2017 жж, АҚШ. "Линия судьбы", «Заповедный Казахстан" жобалары, бейнеклиптер, Венгриямен бірлескен деректі фильмдер, 2017. Медиапродюсер, режиссёр, оператор
Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Басқа жаңалықтар


