ҚазҰУ-да Жас ғалымдар қоры құрылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай,жас ғалымдар мен үздік білім алушылар форумы өтті. Оған университет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен білім алушылар қатысты.
Форумды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, Республика күніне арналған шараның мәні мен маңызын атап өтті. «Сіздер еліміздің болашағы, жаңа Қазақстанды құрушы жаңа буын өкілдерісіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Бүгінгі жастар ғылым мен технологияның қыр-сырын игерген өте білімді, алғыр. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп айрықша атап өткен болатын», – деді ректор.
Бүгінде жас ғалымдардың, талантты студенттердің шығармашылық, ғылыми әлеуетін дамытуда университет барлық қажетті жағдайды жасауда.
ҚазҰУ-да 40 жасқа дейінгі 300-ден астам жас ғалым жұмыс істейді. Олардың ішінде 49-ы – ылым жне жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы. Көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері Қазақстанда жне шетелдерде жоғары бағаға ие. Биылғы 2022 жылы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру аясында 900 млн теңгеден астам 60-қа жуық жоба орындалуда. Білім ордасының басшысы бұл ҚазҰУ жастарының жоғары ғылыми-инновациялық әлеуетін көрсететінін жеткізді.
География жне табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы, PhD кандидаты, коммерцияландыру бойынша жобаларды орындаушы Елдар Нұрұлы өз баяндамасында «Туризмнің цифрлық контентін жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар жне QR кодтары» атты жобасының нәтижелерін коммерцияландыру тәжірибесімен бөлісті.
«Бұл жобаның миссиясы – ішкі туризмді дамыту арқылы ел экономикасын әртараптандыру жне Қазақстанның туристік бағыттары туралы ақпаратты шоғырландыру. Біз бұл мәселелерді цифрлық технологияларды, атап айтқанда: мобильді қосымшаларды, панорамалық 3D виртуалды турларды, ϸ-кодтарды, интерактивті карталарды генерациялауды пайдалана отырып жүзеге асырамыз», – деді ол.
Жиында сөз алған биология жне биотехнология факультетінің «Жас ғалым» постдокторанты Әйгерім Мамырова «Жас ғалымдар: өсу жне өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері» тақырыбын қаузады. Ол көптеген ұлы ғалымдар үшін ғылымға жол жас кезінен басталғанын тілге тиек етті. Томас Эдисон 30 жасында фонограф ойлап тапты, ал Альберт Эйнштейн 26 жасында салыстырмалылық теориясын ашқанын мысалға алды. «Қазақстандық жастардың қазір үлкен мүмкіндіктері бар – «Жас ғалым» жне Erasmus Mundus бағдарламалары, «Болашақ», «Абай Верн» стипендиялары жне тағы басқа қолдаулар бар. Жас зерттеушілерден табандылық пен қайсарлық, ғылыми конференцияларға белсенді қатысу, жеке брендті нығайту жне жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін басқа да іс-әрекеттер қажет», – деді Әйгерім.
ҚазҰУ-дың «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Аружан Қабдолова өз сөзінде адамның өмірін ұзартуға, денсаулығын бақылауға жне жақсартуға, қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылымның рөлін жоғары бағалады. Ең бастысы – ғылым өмірге жаңа серпін беретінін айтты. ылыми жетістіктер ҚазҰУ-дың тыныс-тіршілігін қалай өзгерткеніне назар аудара отырып, Аружан: «Мен біздің жастарымыз, әрбір жас маманның қазіргі жне жарқын болашағымыздан шабыт алып, ғылымға шығармашылық қызығушылық танытқанын жне өз саласында жұмыс істегенін қалаймын», – деді.
Сонымен қатар жиында химия жне химиялық технология факультетінің PhD докторанты Федор Мальчик, «Халықаралық қатынастар (РУДН)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Айдана Тоқберген пікір білдіріп, өз ұсыныстарымен бөлісті.
Форум аясында зерттеулерді коммерцияландыру мәселелері жне университеттің жас зерттеуші ғалымдарының ғылыми қызметінің өзекті бағыттары талқыланды.
Жиын соңында ректор жас ғалымдармен еркін форматта кездесіп, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылау үшін Жас ғалымдар клубын құруды жне ғылыми жетістіктер көрмесін ұйымдастырып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге жол ашатын Жас ғалымдар қорын құруды тапсырды.
Елдар НҰРҰЛЫ,география жне табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы, PhD-кандидаты, коммерцияландыру бойыншажобаларды орындаушы:
Туризмнің цифрлық контентін жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар жне QR кодтары
Қазіргі таңда ғылым мен өндірісті ұштастыру, коммерцияландыру өте өзекті мәселе.Осы орайда, біз «Ғылым қоры» желісі бойынша«Туризмнің цифрлық контентін жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар жне QR кодтар»жобасын жүзеге асырудамыз. Бүгінде аталмыш жоба постреализация кезеңіненөтуде.Бұл жобаның миссиясы–еліміздің экономикасын әртараптандыру жне Қазақстанның туристік дестинацияларытуралы ақпаратпроблемаларын ішкі туризмді дамыту арқылы шешу. Осы мәселелерді біз цифрлық технологияларды қолдану арқылы іске асырудамыз, атап айтқанда:мобильді қосымшалар, панорамалық 3D виртуалды турлар, QR кодтарды генерациялау, интерактивті карталар.
Жоба аясында туристік қызметтерді тұтынушылар мен жеткізушілерүшін«2 TourismKaz» мобильді қосымшалары әзірленді.Қазақстанның туризмі туралы әзірленген интерактивті портал жаңа туристік нысандармен толықтырылуда. Жаңадан Қонаев қаласы жне оның айналасы бойынша панорамалық 3D-турлар құрастырылды (бұған дейін Алтай, Маңғыстау, Бурабай, Рахманов бұлақтары жне т.б. бойынша 3D-турлар жасалған болатын),сондай-ақ Қазақстанның жаңа 100-ден астам объектісінің QR кодтары генерацияланды.
Бүгінгі таңда,яғнисоңғы 10 айда сату көлемі 21 млн теңгеден асты. Әзірленген «TourismKaz» мобильді қосымшаларына қорғау құжаттары алынып,оларды App Store жне Google Play-ден тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар.
Осы жобаның жне ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың арқасында біз миссиясы туристік қызметтерге цифрлық қолжетімділікті арттыру жне қазақстандық туристік өнімдерді халықаралық туристік нарықта танымал ету үшін E-Tourism жаңа зертханасын ашқан болатынбыз.
Зертхана бағыты мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға сәйкес келеді.Қызмет бағыттары:цифрлық технологияларды пайдалану арқылы алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру;туризм жне қонақжайлылық саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;сондай-ақ оқу-білім беру қызметі болып табылады.
Зертхана коммерцияландыру қаражатына сатып алынған барлық дерлік қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Біз, әрине, мұнымен тоқтап қалмайтынымызды атап өткім келеді. Біз алға қойған барлық мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етудеміз. Қазіргі уақыттацифрлық платформаларымызды пайдалануды коммерцияландыру мақсатында туристік қызметтерді жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде. Бірнеше туристік компаниямен қосылу туралы келісімшарттарына қол қойылды.
KazakhTourism ұлттық компаниясымен, Алматы облысының туризм басқармасымен, төртоблыстың ұлттық парктерімен бірлескен жобалар мен шаруашылық жұмыстарды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан басқа, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, шетелдік ғалымдарға(Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея жнет.б.) жаңа өтінімберілуде. Бұл ғылыми зерттеулер біздің болашақ коммерцияландыру жобаларымыздың іргетасы болады деп жоспарлап отырмыз.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестерімді, әсіресе жас ғалымдарды тек ғылыми нәтижелерге қол жеткізумен ғана шектеліп қалмай, оны коммерцияландыруға, сол арқылы табыс табуға шақырамын.
Сондай-ақ Қазақ ұлттық университетіжас ғалымдарының ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру бойынша кеңесін құру бойынша ұсыныс жасағым келеді.Осы орайда, осындай кішігірім жетістіктерге жеткізген, өзіме білім нәрінсусындатқан қара шаңырағыма – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, ғылыми жетекшілеріме, оқытушыларыма, бірлесіп зерттеу жүргізіп жатқан ұжымыма жнеуниверситет ректорыЖансейіт Қансейітұлынаалғыс айтқым келеді. Біз секілді жас ғалымдарға әрі қарай да осындай қолдауларыңызбізді одан әрі табысты ғылыминәтижелерге жетелейді дегеннық сенімдемін.
Айдана ТОҚБЕРГЕН,«Халықаралық қатынастар (РУДН)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты:
Қосдипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары мен перспективалары
ҚР Үкіметіеліміздің экономикалық дамуыменқатар,білім деңгейіне де назар аударуда.Осы бағытта әртүрлі реформалар қабылданды.Олардыңмақсаты–мемлекетқажеттілігіне сәйкес,білім беру сапасын жақсарту жне жоғары дамыған шетелдердің тәжірибесін енгізу.
Осымақсаттардың орындалуының айқын бір көрінісі–қосдипломды білім беру бағдарламасы.Қосдипломды білім беру қазақстандық жоғары мектебінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі тәжірибелік интеграцияның маңызды бағыты. Аталмыш бағыттағы жұмыс, жоғары оқу орнының білімберу, халықаралық білім беру кеңістігіндегі университеттің бәсекелестігін арттыру мақсатындағыЖООдамуының басты стратегиялық бағыты бола отырып,Болон процесінің негізгі қағидаттары мен талаптарына сәйкескеледі.Қосдиплом бағдарламасы студенттердің екі түрлі университеттеқатароқуынқамтиды.ылым жне жоғары білім министрлігінің ақпараты бойынша қосдипломды бағдарламалар қазақстандық жоғары оқу орындары мен олардың әріптес жоғары оқу орындары арасында жасалған шарттар шеңберінде іске асырылады. Бүгінгі таңда 41 қазақстандық ЖОО серіктес ЖОО-мен бірлесіп 207 қосдипломды бағдарламаны іске асыруда, оның 63-і ағылшын тілінде. Оқыту қазақстандық студенттердің шетелдік жоғары оқуорындарына баруымен де, қашықтан оқытуды қолданумен де жүзеге асырылады.
Осы үдеден шығыпотырғануниверситеттердіңбірі–Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 2009 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бакалавриат пен магистратураның бірқатар өзекті жне сұранысқа ие мамандықтары бойынша қос диплом бере отырып, магистрлік білім беру бағдарламаларын іске асыру табысты жүзеге асырылуда. ҚазҰУ студенттерінің әрқайсысы халықаралық білім беру бағдарламаларында сапалы білім беру қызметтерін, серіктес жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларынан озық білім алады. ҚазҰУ студенттері тұрғылықты жері бойынша шетелдік білім беру бағдарламаларының модульдерін тыңдап, оқу-әдістемелік әдебиеттермен толық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ соңғы интернет-технологияларды пайдалана алады.
Қос диплом бағдарламасы студенттергемамандықты халықаралық деңгейдеигеруде әріптестерінеқарағанда заманауи, кең университеттік білім алуға көбірек мүмкіндік береді.Студенттер жаңа ортаға тез бейімделіп, бұл олардың мотивациясын ілгерілетіп,кейіннен бұл түлектердің іріхалықаралық компаниялар мен ұйымдардың өкілдіктерінежұмысқа орналасу жне оқуын жалғастыру кезіндегі салыстырмалы артықшылықтарына айналады.Бұл олардың қарқынды дамып келе жатқан жаһандық әлемде табысты кәсіби мансап жолынқұруғанегізболады. Білім беру бағдарламаларын екі елдің жоғары оқу орындарының тиісті құрылымдары шарт негізінде әзірледі, онда барлық қажетті шарттар–қаржыландыру, білім алушыларды іріктеу, білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу мерзімдері, берілетін білім туралы құжаттардың түрі мен мәртебесі жне т.б. қарастырылады. Осы схема бойынша білім алудың артықшылықтары айқын: сол оқу кезеңінде білім алушы біздің екі елде заңды мәртебесі бар екі дипломға ие болады. Бұл тәсіл мемлекетаралық интеграциялық процестерге ықпал ететіні, түлектің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтетіні, оның ұтқырлығын арттыратыны сөзсіз.
Өз басымРесей халықтар достығы университетінде оқып, тәжірибе жинап келгендіктен, серіктес университеттер арасында ғылыми серіктестіктің аз екенін байқадым. Бұл бағытта жұмыстыілгерілету үшін менің ұсынысым –екі серіктес университет арасында ғылыми топтар құру жне бұл топтардың жұмыс жасауға деген мотивациясын көтеру үшін әртүрліжобалар,конкурстарұйымдастыру. Бұл ғылыми бағыттағы жұмыстың сапалы дамуын тездетуге көмек береді деп ойлаймын.
Аружан ҚАБДОЛОВА,«Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының4-курс студенті:
Бүгінгі ғылымның болашағы жастардың қолында
ылым менбілім–қоғамда өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. ылым – жинақталған білімді жүйелеуге көмектесетін адам қызметінің түрлері. Оның негізгі міндеттері: фактілерді жинау; теорияларды алға тарту жне дәлелдеу; жаңа технологияларды әзірлеу жне қолданыстағыларын жақсарту. ылым – қоғамдық прогрестің ең қуатты қозғалтқышы. Ол бізге өмірді ұзартуға, денсаулығымызды бақылауға жне жақсартуға мүмкіндік береді, адамды қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге, негізгі қажеттіліктерді, соның ішінде азық-түлікті жне энергия өндіруге көмектеседі. Сондай-ақ ғылым бізгежаңакоммуникациялық технологияның соңғы жетістіктерін пайдалану мүмкіндігін беру арқылы адам өміріне жаңа серпіліскелді.
ҚазҰУ –мүмкіндіктер мекені.Бүгінде біздің бүгініміз бен болашағымызға жаңа дем, жаңа леп берушіболашақ жас маман ретінде жастардың ғылымға дегенкреативтіқызығушылығын оятып, өз саласы бойынша қызмет атқарғанын қалаймын. Бүгінгі таңда көптеген пароль,яғни кілт сөздердің орнына Apple бастамасын әлем қолдаудажне біз соған дағдыланып, болашақта«Универ»жүйесінеқарапайым кілт сөзденгөріϸ-кодарқылы кіругекөшсе,кезкелген студентұялы телефон арқылытек Google платформасы кілт сөзді сақтау арқылы ғана емес,жүйеге бірденFace ID бетәлпетін тану арқылы кіру құрылғысын жасап шығарса,студенттерқызығушылығы артар еді.Журналистика қазірде тамыры тереңде жатқан шынайы ақпараттарды зерттеп ашып, цифрландырылған жүйелерді date journalistic, digital PR, медиа дизайн аудиовизуалмен жұмысжүргізіліп, мамандар даярлауда.Журналистика шын мәнінде ғылымға негізделгенболуы қажет.Біздің оқу процесі жаңа инновациялық жүйеге негізделген.
Бүгінгі форумның спикері ретінде менің ұсынысым:бакалавриаттан бастап, білімгерлерді ғылыми жобаларға қатыстыру. Мәселен, университетте 500-ге жуық ғылыми жоба республика көлемінде іске асырылуда. Сонымен қатар 100-ден астам халықаралық жобада бар. Менің ойымша, бакалавриат білімгерлері университет деңгейінде бірқатар ғылыми жобаларды дайындап, іске асыруға дайын. Бұл ұсыныс инициативті түрде оқылып жатқан пәндер деңгейінде жүргізілуімүмкін. Сонымен қатаруниверситет жыл сайын бакалавриатқа арналған конкурсты ұйымдастырса біз,білімгерлер,белсенді түрде қатысамыз. Жобанәтижелері біздің кәсібимаман болуымызға үлесін қосады жнебілім мен ғылымды тығыз интеграцияландыруға әсер етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


