ҚазҰУ ректоры «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысты.
Шараға саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген 700 делегат, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріжиналды.
Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.Пікір алмасып, дауыс беру рәсімінен кейін съезд шешімімен «AMANAT» партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Сонымен қатар жиынбарысында партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді. Негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін көрсетеді.
Партия төрағасы Ерлан Қошановсъездеқабылданған "AMANAT-тың" Саяси тұғырнамасы ұзақ мерзімді және стратегиялық құжат екенін атап өтті.
«Жалпы, бүгінгі съезді тарихи деп айтуға толық негіз бар. Біз партияның жаңа Саяси тұғырнамасын қабылдадық. Тұғырнаманың басты қағидасы – адам, қоғам және мемлекет. Ондағы принциптер Президентіміздің саяси реформаларымен үндес әрі сабақтас. Партия алдағы қызметінде осы ұстанымдарды басшылыққа алады», - деді Ерлан Қошанов.
Съезде партия мүшелері, Мәжіліс депутаттары, өңірден келген делегаттар баяндама жасап,партияның жаңа Саяси тұғырнамасына қатысты пікірлерін білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


