
Әль-фарабиатындағықазақұлттық университеті, филологияфакультеті, шетелфилологиясыжәне аударма ісі кафедрасында30-шықыркүйек күніаудармашылар күніне орайtarzhiman club-тың ұйымдастыруымен "Аудармашы мәртебелі мамандық"атты салтанаттыіс-шарасы өтті.
30-шы қыркүйек- халықаралық аудармашылар күні. Осыған орай жас аудармашылар кәсіби мерекені атап өту мақсатында,болашақ мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында кеш өткізді. Іс-шарабарысында 1-ші курс студенттеріаудармашылар клубына қабылданды.
Ұйымның тарихын,жетістіктерін,мақсаттары мен міндеттерінқамтитын слайд көрсетілді,аударма ісі жайлы сұрақтар қойылып,ойындар ойнатылды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, түрлі мемлекеттік тапсырыстар аясында Т.Уайлдер, Ф.Кафка, А.Маршалл, А.Рюноскэнің шығармаларын аударған,ҚР Жазушылар Одағының мүшесі. ылым магистрі,жазушы,аудармашы және әдебиеттанушыАйнагуль Садыкова сөзсөйлеп,аударма ісінде тәжірибенің,еңбектің және таланттың рөлі аса маңызды екенін айта кетті,сонымен қатар, студенттерге табыс пен сәттілік тіледі.
“Аударма ісі”мамандығының барлық студенттері өздерінің шығармашылықжәне кәсіби өнерлерін көрсетті.4-ші курс студенттері Б.Асем,Ө.Аружан,С.Айзере,Т.Ақбота, Ә.Жания,Е.Айнұр 1-ші курс студенттеріне өз тілектері жазылған тәттілер таратты.
Іс-шараны клуб жетекшісі,доцент Л.Мұсалы қорытындылап,аудармашы шын мәнінде мәртебелі де,абыройлы мамандық екенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар

