Шығыстану факультетінде Кеңейтілген ылыми кеңес мәжілісі өткізілді
Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен өткізілген мәжілістің күн тәртібінде қаралатын мәселелер ретінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 1-қыркүйегінде шыққан "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауын талқылау жне 2022-2023 оқу жылына Шығыстану факультетінің ылыми Кеңес құрамын бекіту белгіленді. Мәжілісте аталған мәселелер бойынша қытайтану кафедрасының профессоры Н.А. Алдабек, Азиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Г.Н. Ким, Таяу Шығыс жне Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Ж.Р. Сейтметова өз баяндамаларын жасады. Жиналысқа қатысушылар спикерлерге өз сұрақтар қойып, ҚР Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асырудың жолдарына қатысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Мәжіліс барысында 2022-2023 оқу жылына Шығыстану факультетінің ылыми Кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлары президент жолдауында көтерілген игі бастамалар мен міндеттердің жүзеге асуына өз үлестерін қосып, оларды орындауы қаулы етілді.
Басқа жаңалықтар

