- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу (4-10 шілде, 2022 жыл)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу (4-10 шілде, 2022 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев білім ордасын үздік бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстады. Айта кетейік, биыл ҚазҰУ-ды 8058 түлек бітірді.
Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" РМК өкілдерімен кездесті. Жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы — Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың “Түркістан” газетіне “Ұлтты ұйыстырған құрылтай” атты мақаласы жарияланды.
Жансейіт Түймебаев осы аптада университеттің ылыми кеңес отырысына қатысты. Жиында ағымдағы оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына қатысты мәселелер қаралды.
Жоғары оқу орнының басшысы барша қазақстандықтарды 6 шілде “Елорда” күнімен және “Құрбан айт” мерекесімен құттықтады.
Басқа жаңалықтар


