- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасында «Technology for Everyday Life» атты 6-шы халықаралық семинар өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасында «Technology for Everyday Life» атты 6-шы халықаралық семинар өтті.
ISCTE - Instituto Universitário de Lisboa (ISCTE-IUL) - Португалиядағы мемлекеттік жоғары оқу орнының профессоры Октавиан Постолакенің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен семинарға «Жасанды интеллект және Big Data» кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Мансурова М.Е., т.ғ.д., профессор Мурзабеков З.Н., т.ғ.д., доцент Бельгибаев Б.А., аға оқытушы Кунелбаев М.М., PhD Амирханова Г.А. және. Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Кустубаева А.М., Врач-физиотерапевт, реабилитолог Ибраева О.Ш. және басқа да жиырмаға жуық оқытушылар қатысты.
ISCTE-Лисcабон университетінің институты ISCTE Ақпараттық ғылым және технологиялар кафедрасының профессоры Октавиан Постолаке «Smart Health: Smart Physical Rehabilitation Case study» тақырыбында баяндама оқыды.
«Қартаю проблемалары мен шешімдері», |
|
«S-денсаулық mHealth және ақылды қаланың өзара әрекеттесуі», |
|
«S-health үшін IoT технологиялары» |
|
«Физиотерапияны бағалауға арналған S-денсаулық қолдауы», |
|
«Ақылды жүру құралдары», |
|
«M-health Wearable Sensing Solutions» деген тақырыптарға жеке тоқталды. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Мансурова М.Е. «IoT based personalized mHealth Monitoring System», Кунелбаев М.М. «Analysis of the formation of homogeneous Fiber Bragg Gratings used a phase mask», Амирханова Г.А. «Tools and applications for Big Data analytics» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды.
Басқа жаңалықтар

