«Қыз өссе - елдің көркі» атты ашық тәрбие сағатыFarabi University

51

«Қыз өссе - елдің көркі» атты ашық тәрбие сағаты

3 наурыз, 2022

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Бизнес-технологиялар»кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Ә.К. мен оқытушы Нурмағамбетова А.М. және Логистика мамандығының К4, К5 топтарының1-курс студенттерінің қатысуымен2022 жылдың 2 наурызында сағат 12.00-де 218аудиториядамерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік концертте топ студенттері өз өнерлерін көрсетіп, университет қабырғасындағы барлық әйел адамдарын құттықтады. Студенттер аналарға өлең шумақтарын арнап, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет ғүрыптарын дәріптеу мақсатында көрініс қойып, викториналық сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, кешті әсем әуенмен аяқтады.

Іс-шараның қонағы «Бизнес-технологиялар»кафедрасыныңоқытушысы Асанова А.Д. топқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, топтың қыздарын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтау сөзін сөйледі.