Балтабай Дәурен - «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобасының жүлдегеріFarabi University

51

Балтабай Дәурен - «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобасының жүлдегері

9 ақпан, 2022

2021 жылдың 10 қарашасында Нұр-сұлтан қаласында ««Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғалымдарының «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық ғылыми конференциясы мен IV нөмірлі халықаралық кітап топтамасының тұсаукесері өтті.

Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық жне ғылымды одан әрі интеграциялау шеңберінде Ресей Федерациясынан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан жне Қырғызстан Республикаларынан түрлі проблемалар бойынша ғылыми әзірлемелерге әуес жас жне талантты тұлғалар қатысты.

«Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобасының I дәрежелі дипломымен жне «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісімен ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Робототехникалық жүйелер» ББ бойынша 2-курс докторанты Балтабай Дәурен Қуанышбекұлы марапатталды.

Дәурен бұл мәртебені «Python бағдарламалық ортасында роботпен адам бейнесін тану жүйесін әзірлеу» зерттеуі үшін иеленді. ылыми жұмыс ең үздіктердің бірі деп танылып, «»Үздік жас ғалым – 2021» ТМД елдерінің IV Халықаралық кітап басылымы» атты ғылыми мақалалар жинағында ISBN халықаралық коды беріліп жарияланды.

Жеңімпаздар жұмыстарының жинағы Ресей ылыми электронды кітапханасында орналастырылған eLIBRARY.RU, сондай-ақ ««Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығының сайтында жарияланды.