
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған апталық қорытындыланды. Аптаның соңғы күні университет студенттері Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаевтың кесенесі менмұражайына арнайы барды.
Алдымен бір топ білім алушы жастар Жамбылдың пірі болған Сүйінбай Аронұлының кесенесіне құран оқыды. Кейін Сүйінбайдыңдеби-мемориалдықмузейіне бет бұрды.Сүйінбай Аронұлы − әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы.АтақтыақынСүйінбайдыңғибраттыөміріненсыр шертетін музейде ол пайдаланған жәдігерлерсақтаулы.
Орталық меңгерушісі Мұрат Қобдалиевтіңайтуынша,музейгекелушілер саны жыл сайын артуда.«Сүйінбайдеби-мемориалдықмузейінің іргетасы 1991 жылы қаланып, 1996 жылы 24 тамызда ашылған болатын. Орталықта 950-ден аса жәдігер бар.Он үш қызметкер жұмыс істейді.Жыл сайынмұражайға2000-нан асаадам келеді», – дейді музеймеңгерушісі.
Бұдан соңуниверситетстуденттері мен оқытушыларықазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырауЖамбыл Жабаевтыңкесенесінеқұран оқыды.Сондай-ақкесене жанындағыЖамбылға үкімет сыйға тартқан 12 бөлмеліүймен танысты.Қазіргі таңда бұл үйдеби-мемориалдықмузейгеайналып отыр.Ақын тұрған үйге ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Үйдің қабырғаларынан бастап, ішіндегі бұйымдарына дейін сол бұрынғы қалпында.Мұндағы қызметкерлердің ерекше күтімінің арқасында Жамбылдың көзі тірісінде қолданған заттарының көбі сол күйінде сақталған.
Жалпы, мұражайдағы көрініс тек ақынның тұрмыс-тіршілігін ғана емес, Жамбыл өмір сүрген дәуірдің бет-бейнесін көз алдыңа елестетеді. Мұндағы әрбір экспонаттың ақын өміріне тікелей қатысы бар.«Орталықта Жамбыл Жабаевқа келген хаттар, қолжазбалар, ақын домбырасы, сыйлықтары, көлігі – барлығы3290 экспонат қойылған», – дейді Жамбыл Жабаевдеби-мемориалдықмузейінің директоры Салтанат Жамбылова.
«Осылайшажүз жасаған абыз ақынның жырға толы өміріне шолу жасап,ақын басқан ізбен жүргендей болдық», – дейді студенттер. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жамбыл апталығы өте жоғары деңгейде өтті. Оның бір дәлелі, міне, бүгін аталарымыздың музейіне арнайы келіп тағзым еттік. Қатты қуанып тұрмыз. Керемет әсер алдық», – дейді 3-курс студенті Жеңісбек Ұларбек.
Бұдан бөлек,Жамбыл Жабаев кесенесінің жанында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз – Нұрғиса Тілендиевтің де мазары бар. Композитордың қайтыс болар алдындағысоңғы тілегі ұлы ақынның қасынан орын табу болған екен. Сапар барысындабір топстуденттер мен оқытушыларНұрғиса Тілендиевтіңдемазарына барып, құран бағыштады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


