Ж.Ө.Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада Farabi University

51

Ж.Ө.Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада

25 қараша, 2021

2021 жылдың 26-қараша күні сағат 10.00 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалықолимпиадаоффлайн форматтаөткізіледі.

Олимпиадаға тек орта мектептің 11-ші сынып оқушылары қатыса алады. Арнайы републикалық, облыстық, қалалық физика-математика мектептерінің оқушыларына қатысуға тиым салынады!

Әр білім ошағынан тек 2 оқушы қатыса алады (эпидемиялық ахуалға байланысты).

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2021 жылдың 24 қарашасына дейін жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін төмендегі анкетаныRustem.Manatbayev@gmail.comэлектронды почтаға жіберулеріңізге болады. Байланыс телефоны: +77053003110

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі!

Ескерту! Олимпиадаға қатысушылар толық санитарлық режимді сақтауға міндетті.

Ұйымдастырушы:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті

жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Ж.Өмірбеков олимпиадасы 2021 -1.doc