Италия археологтарын ҚазҰУ-ға шақырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы –Ректоры Жансейіт ТүймебаевНеапольдағы'ԳٲуниверситетініңАзия,Африка жәнеЖерорта теңізі зерттеулері факультетінің доценті Томмазо Тревизанимен кездесу өткізді.Тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен L'Orientaleуниверситеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Университет басшысы әріптестікті дамыту үшінекі жоғары оқу орныстуденттермен алмасып, тағылымдамадан өткізу, қосдипломдық бағдарламалар бойынша белсенді жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатарЖансейіт Түймебаев Неаполь университетінің ректорын,археолог ғалымдардыҚазақ ұлттық университетіне жұмыс сапарымен келуге шақырды.
Кездесу соңында Томмазо Тревизани кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, L'Orientaleуниверситетіректорының сәлемін жеткізді.Сондай-ақмейман оқыту мен зерттеуге бағытталған тұрақты диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


