
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы менжыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығынаорай,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-28 қараша аралығында арнайыапталық өтеді.
Апталықақынныңтуындылары, кітаптары, суреттері қойылған Әл-Фараби кітапханасының және Жамбыл мен Сүйінбай музейінің «Жамбыл әлемі»көшпелікөрмесімен ашылады.Бағдарлама барысында түрік тіліне аударылған «Көроғлы» дастанының тұсаукесері жоспарланған.
Шараға халықаралық «Жамбыл» қорының бас директоры, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, «Жамбыл» әдеби мемориалдық музейініңдиректоры Салтанат Жамбылова, М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстықтарихи-өлкетану музейініңдиректоры Рысжан Аязбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Рухани жаңғыру» ғылыми-инновациялық орталығы» жобалық офисінің жетекшісі Нұрғали Оразжәнежамбылтанушы ғалымдарқатысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


