ТҮРКИЯДА «ҚАЗЫҒҰРТ ОҚИҒАЛАРЫ» ТАНЫСТЫРЫЛДЫFarabi University

51

ТҮРКИЯДА «ҚАЗЫҒҰРТ ОҚИҒАЛАРЫ» ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

24 қазан, 2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайАнадолы төріндехалықаралық«Алаш»және МахмұтҚашқариәдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораздың түрік тіліне аударылған«Қазығұрт оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті.

Салтанатты шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауыменХVI-халықаралық Анкара кітап көрмесі аясындажүзеге асты.

Жинақтың алғысөзін білім ордасының басшысыЖансейіт ҚансейітұлыТүймебаевжазып,ҚазҰУ түлегіріқызметкері Нұрғали Ораздың қазақ әдебиетіне қосқан үлесіменқаламгерлік қуатынатоқталған.М.Әуезов, З.Қабдолов, М.Қаратаевсияқтыәдебиет алыптары қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағында оқып, қызмет етіп, өзіндік мектеп қалыптастырғанын баяндай келе,осы мектептен тәлім алғанжазушының шығармашылық жолын сараптайды.Сондай-ақ қарымды қаламгердің сүбелі туындары ел егемендігін алғаннан кейін дүниеге келіп, қандай қиын-қыстау заман болмасын өз шығармашылығына адалдық танытқанын жеткізеді.Жазушыныңқайталанбас қолтаңбасына, кейіпкерлерінің сан алуандығына, ойының тереңдігіне, кемелдігіне маңыз береді. Түрік тіліне тәржімаланған «Қазығұрт оқиғалары» әңгімелер жинағының туыс халықтарды әдебиет арқылы жақындастыра түсеріне үміт артады.

Жаңа жинақтыңАнкара төріндегітаныстырылымында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал СапарбекұлытоптаманыңТәуелсіздіктің 30 жылдығы,Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңындаоқырман қолына тигенін,жинаққа енген «Бақыт құсы»,«Жалғыз арал»,«Түрік аспанындағы қазақ жұлдызы»,«Ақ тырналар ұясы», «Қазығұрт оқиғасы»туындыларының түрік ағайындардың көңілінен шығарына сенім білдірді.


Еуразия
Жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлуөзі басқаратын «Бенгу» баспасынан жарық көргентуындыныңтарихи-мәдени салмағын сипаттап, Қазығұрт тауларын көріп өскенқаламгердің суреткерлік қырын жоғары бағалады.

Еуразия Жазушылар одағының басқарма мүшесі, кітап аудармашыларының біріЖмилаКынажықазақ әдебиетініңбелді өкілі Н.Ораздың жазушылық стилі мен жанрлық ерекшеліктері туралы баяндама жасап,әр шығарманыңарқалағанжүгі менкөтерген міндетінжан-жақты таныстырып өтті.

Жазушы Нұрғали Ораз өз кезегінде бұған дейін жекелеген әңгімелері түрік тіліне аударылғанымен, алғаш рет жеке кітап ретінде жарық көргенін жеткізіп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Соңынан Елші Абзал Сапарбекұлы жазушы Нұрғали Оразға, Еуразия жазушылар одағының Төрағасы ЯкупӨмероғлуға, аудармашылар Мәлік Отарбаевқа,Жамилә Кынажыға, Ашур Өздемирге алғыс білдіріп, алғыс плакеткаларын тапсырды.