ҚазҰУ-дың жас ғалымдары үздіктер қатарындаFarabi University

51

ҚазҰУ-дың жас ғалымдары үздіктер қатарында

20 қазан, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Байқаудың мақсаты– дарынды жас ғалымдарды анықтау, Абай мұрасын кеңінен насихаттап, заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.

ылыми байқауға Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

Магистранттар арасынан үздік деп танылған:

I орын және 500 000 теңге сыйақы – Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты.

Жүлделі орын алған студенттеріміз:

II орын және 300 000 теңге сыйақы – Әбдіғали Әсел Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті;

III орын және 200 000 теңге сыйақы – Қамшыбек Ахмет Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті.

Байқау нәтижесі бойынша үздік ғылыми жұмыстар Abaialemi.kz порталында жарияланады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі