КЕМБРИДЖДЕ «ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайКембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылып,Әл-Фараби атындағыҚазҰУ ғалымдары тапқан экспонаттар қойылды.
Оғанбелгілі археолог-ғалымдар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңпрофессорлары Әбдеш Төлеубаев пен Зайнолла Самашевтың қазба жұмысы нәтижелерінде табылған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарының алтын артефактілеріқойылды.Ұлыбритания жұртшылығы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесіндеүстемдік еткенскиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде Берел, Шіліктіжәне Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды.Киімі15 000 алтын заттан тұратын «алтын адамның»қалдығы, экспозицияға қойылғанең бағалы экспонаттардың бірі.«Ұлыбританияға және әлбетте бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік.
Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30-қаңтарына дейін өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


