
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттержәне магистранттаркәсіподағы Тілдер мерекесіне орай «100 кітапты иелен!» атты акция өткізді. Тілдер апталығы аясындауниверситетқалашығыаумағындаөткізілген шараға студенттермен қатар, оқытушы-профессорлардаатсалысты.
Акция барысында тілдер және оның тарихы туралы түрлі сұрақтарға дұрыс жауап бергенқатысушыларға Әл-Фараби мен Абай кітаптары сыйға тартылды.
Филология факультеті «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрағасы Дидар Құрман Тілдер мерекесіне арналған шараныңбиыл форматы өзгергенін жеткізді. Ол: «Біздің ұйым жыл сайын Қазақстан халқы тілдері күніне орай түрлі шаралар өткізеді. Өткен жылдары бауырсақ-пати ұйымдастырсақ, бұл жолы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көргенаса бағалыкітаптарды ұсынуды жөн көрдік. Қатысушы жастар сұрақтардан бөлек, тіл туралы көптеген мақал-мәтел, нақыл сөздердібілетініменқуантты», – дейді.
Шараға қатысқан университеттің 3-курс студенті Ғанибет Есетоважастарды ана тілін құрметтеуге жәнекітап оқуға ынталандыратын мұндай шараларды қолдайтынын білдірді. «Мен тіл туралы сұрақтарға жауап беріп, Әл-Фараби мен Абай шығармаларын ұтып алдым. Қолыма аса құнды кітаптардың түскеніне қуаныштымын. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген сөз бар. Жастарға ой салар осындай пайдалы шаралар көп болғанын қалаймын» деген пікірімен бөлісті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңБаспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


