ҚазҰУ спортшыларын құттықтайдыFarabi University

51

ҚазҰУ спортшыларын құттықтайды

25 шілде, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнының түлегіЕлдос Сметовпен медицина факультетінің 1-курс студентіИгорь СондыТокио Олимпиадасының қола жүлдесіменқұттықтады.

ДзюдошыЕлдос Бақтыбайұлы ҚазҰУ-дыңзаңфакультетінбітірген.2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері.Күншығыс елінде60 келі салмақта ел намысын қорғап, қола медальға қол жеткізді.


Игорь Сон –қазіргі сәттедене шынықтыру және спортмамандығы бойынша білім алуда. Ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп,жұлқа көтеруде 131 келіні, серпекөтеруде 163 келіні бағындырды.

Ж.Түймебаевөз құттықтауындаОлимпиада ойындарының жүлдегерлері қазақ елінің абыройын асқақтатыпқана қоймай, университет ұжымын шексізмақтанышпен қуанышқа бөлегенін жеткізді.

Сонымен қатар, күншығыс елінде екі күн ішіндеқоржынға түскенекі қолакейінгі студент жастар үшінеренүлгі, патриоттық рух сыйлайтын жарқын сәт екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің 10-ға жуық түлегі мен білім алушылары Қазақстан ұлттық құрамасында жүзу, дзюдо, еркін күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерінен бақ сынауда.

Барлық спортшыларымыздыңелгежеңіспен оралуын тілейміз!